Мектепке қабылдау

Құрметті ата-аналар!
Мемлекеттік тілде оқытылатын 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау: 2023 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін жүргізіледі.
Қабылдау уақыты: 09.00-ден 18.30-ге дейін.
Түскі ас уақыты: 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Балаларды мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар:

1 сынып:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x4 көлеміндегі фото – 2 дана.